National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Халықаралық нейрохирургиялық форумға қатысты

2018 жылғы 05 шілде

Форумды ашқан Гүлшара Әбдіқалықова көрнекті нейрохирург, Ресей ғылым академиясының академигі А.Потаповтың 70 жасқа толуына орай жолдаған Қазақстан Президентінің құттықтау хатын оқып берді.

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Нұрсұлтан Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауына сәйкес, Қазақстанның Индустрия 4.0, оның ішінде медицина саласы элементтерін енгізуге кіріскенін айтты.

– Президенттің бастамасымен 2008 жылы негізі қаланған Ұлттық нейрохирургия орталығы денсаулық сақтау саласындағы инновациялық жетекші мекемелердің бірі болып саналады. Бүгінде ол Орталық Азиядағы көш бастаушы клиниканың біріне айналды, – деді Г.Әбдіқалықова.

Ұлттық нейрохирургия орталығында 10 жылдың ішінде 37 мыңнан астам адам ем қабылдады, 25 мыңнан аса ота жасалды, 66 нейрохирургиялық жаңа технология енгізілді. Оның базасында Қазақстанда алғаш рет нейрохирургияның жаңа салалары – микронейрохирургия, эндоваскулярлық, эндоскопиялық және функционалдық нейрохирургия енгізілді.

Соңында Мемлекеттік хатшы форумға қатысушыларға шығармашылық табыс тілеп, Астананың 20 жылдық мерейтойына арналған мерекелік салтанатты іс-шараларға қатысуға шақырды.

Форумға Денсаулық сақтау министрі Е.Біртанов, Астана қаласының әкімі Ә.Исекешев, Парламент депутаттары, әлемнің 20-дан астам елінен келген нейрохирургия саласының жетекші мамандары қатысты.

Іс-шара Астананың 20 жылдығы қарсаңында Ұлттық нейрохирургия орталығының 10 жылдығына орай ұйымдастырылды.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің