Мемлекеттік хатшы Г.Әбдіқалықова еліміздегі дипломатиялық миссиясы аяқталатын Словакияның Қазақстандағы елшісі П.Юзамен кездесу өткізді. Кездесуде Қазақстан мен Словакия арасындағы қарым-қатынастың қазіргі жағдайы, сондай-ақ саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықтың перспективалары талқыланды. Биыл Қазақстан мен Словакия дипломатиялық қарым-қатынастарының 25 жылдығын атап өтуде. Осыған орай екі мемлекет арасындағы тұрақты әрі сапалы деңгейдегі саяси байланыстарға оң баға берілді. Г.Әбдіқалықова «ЭКСПО-2017» көрмесіне қатысқаны үшін Словакия басшылығына ризашылық білдіріп, Словакияның баламалы энергетика саласындағы жетістіктерінің маңыздылығын атап өтті. Мемлекеттік хатшы Қазақстандағы табысты қызметі үшін Словакия елшісіне алғыс айтты.