National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Азаматтық мәселелері жөніндегі комиссияның отырысы өтті

2017 жылғы 22 қараша

Жиында Қазақстан азаматтығына қабылдау және одан шығу мәселелері қарастырылды.

Мемлекет басшысы тиісті Жарлыққа қол қойғаннан кейін бізге жақын және алыс шетелдерден келген әр түрлі этностың 734 өкілі еліміздің жаңа азаматы болады.

Мемлекеттік хатшы тәуелсіздік алған сәттен бері 1 миллионнан астам адам еліміздің азаматтығын алғанына тоқталды. Бұл Нұрсұлтан Назарбаевтың басшылығымен орнықты өсіп-өркендеп келе жатқан Қазақстанның әлемдегі тартымды мемлекеттердің біріне айналғанын айғақтайды.

Гүлшара Әбдіқалықова Тұңғыш Президент күні қарсаңында еліміздің жаңа азаматтарын қуана қарсы алатынымызды, оларға бақытты өмір және бұдан былай олардың да Отаны болып саналатын Қазақстанның игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тілейтінімізді айтты.

Мемлекеттік хатшы жаңа отандастар еліміздің лайықты азаматы болып, тәуелсіз Қазақстанның одан әрі дамуы мен өсіп-өркендеуіне өз үлесін қосатынына сенім білдірді.

Сондай-ақ, басқосу барысында Сыртқы істер министрлігінің жекелеген бағыттар бойынша қызметінің қорытындылары талқыланды.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша тиісті шешімдер мен ұсынымдар қабылданды.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің