Жиынға Сенат төрағасының орынбасары Б.Бекназаров, Мәжіліс төрағасының орынбасары В.Божко, Қоғамдық даму министрі Д.Кәлетаев, Қордың президенті Н.Әбіқаев, Дүниежүзі қазақтары қауымдастығы төрағасының бірінші орынбасары З.Тұрысбеков, мемлекет және қоғам қайраткерлері, сондай-ақ Қазақстан бизнесінің өкілдері қатысты. «Отандастар» қоры Мемлекет басшысының 2017 жылғы маусымда өткен Дүниежүзі қазақтарының V құрылтайындағы бастамасы бойынша құрылған. Қордың қызметі шет елдерде өмір сүріп жатқан отандастарды, сондай-ақ Қазақстанға қайтып келген этникалық қазақтарды қолдауға арналған. Қамқоршылар кеңесі отырысында «Отандастар» қорының міндеттері, қызметі мен даму жоспарлары, сондай-ақ қордың қазіргі жұмыстарына қатысты басқа да мәселелер қаралды.