National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілі Стивен Туллмен кездесті

2015 жылғы 15 қаңтар

 

Кездесуге БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Тұрақты өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел, Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссия төрайымының  орынбасарлары – ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Е.Тарасенко және Орталық сайлау комиссиясының мүшесі  Л.Сүлеймен қатысты.

Г.Әбдіқалықова тараптар арасында қол жеткізілген өзара түсіністік пен ынтымақтастықтың деңгейі жоғары екенін, сондай-ақ БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстаның әлеуметтік-экономикалық жаңғыру үдерісіне қосқан елеулі үлесін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар Мемлекет басшысының «Қазақстан-2050» стратегиясында және «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» жаңа экономикалық саясатында қойылған міндеттерді орындау аясында  еліміздің әлеуметтік-гуманитарлық дамуының кең ауқымды мәселелері бойынша өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады.

Мемлекеттік хатшы Инфрақұрылымдық даму жоспарының шеңберінде  Қазақстанның әлеуметтік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі өзара тығыз іс-қимылдың, оның ішінде барлық инфрақұрылымдық  жобаларға әйелдерді белсенді түрде тартудың айрықша маңыздылығын атап көрсетті.

Тараптар алдағы уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алуға, сондай-ақ қоғамды рухани-адамгершілік тұрғыдан дамытуға бағытталған  ілкімді шаралар жөніндегі ынтымақтастықты нығайтуға уағдаласты.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің