Конференцияны Халықаралық әлеуметтік қамсыздандыру қауымдастығы (ХӘҚМ), Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі, Қазақстан Республикасының Әлеуметтік сақтандыру қоры ұйымдастырды.
Конференция жұмысына Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі Т.Дүйсенова, ал ХӘҚМ тарапынан жоғары басшылықтың өкілдері – президент Эррол Франк Стуве, бас хатшы Ханс-Хорст Конколевски қатысты.
Г.Әбдіқалықова қатысушыларға арнаған сөзінде Қазақстан өзін әлемдегі күрделі экономикалық ахуал жағдайында халқының әл-ауқатын жақсарту шараларын дәйектілікпен жүзеге асырып келе жатқан тұрақты әрі дамыған мемлекет ретінде көрсетіп отырғанын айтты. Бұл үшін республикада тиісті әлеует пен экономикалық алғышарттар бар.
Қазақстан Президенті «100 нақты қадам»: баршаға арналған қазіргі заманғы мемлекет» – Ұлт жоспарында таяу болашақта мемлекеттік қызметтердің бірыңғай жеткізушісіне (провайдеріне) айналатын «азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясын құру мәселесін айқындап берді. Халықаралық тәжірибе көрсетіп отырғандай, әлеуметтік саладағы мемлекеттік саясаттың тиімділігі, мемлекеттің әлеуметтік міндеттемелерді орындауы үйлесімді әлеуметтік және экономикалық саясат жүргізгенде ғана мүмкін болмақ.
Конференция халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайын жақсарту мақсатында техникалық және әкімшілік жұмыс тәсілдерін жетілдіру арқылы әлеуметтік қамсыздандыруды дамытуға бағытталған маңызды мәселелерді талдау және талқылау үшін бірегей жаһандық тұғырнама болып саналады.
Аталған халықаралық іс-шара аясында Қазақстанның әлеуметтік саладағы ақпараттық-коммуникациялық технологияларының жетістіктері көрсетіледі. Әлемнің түрлі өңірлерінің әлеуметтік қамсыздандыру ұйымдары өз жетістіктерін паш етеді және оларға дүниежүзілік деңгейдегі ақпараттық-коммуникациялық индустрия өкілдері тарапынан баға беріледі.