National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова Еуропалық Одақтың Қазақстандағы өкілдігінің басшысы, елші Траян Христеамен кездесті

2016 жылғы 09 ақпан

Кездесу барысында Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы ынтымақтастықтың ахуалы мен келешегіне қатысты кең ауқымды мәселелер талқыланды. Сондай-ақ өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті жайттар жөнінде пікір алмасылды. Тараптар екіжақты сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстардың қазіргі даму қарқынына қанағаттанатындарын білдірді.

Еуропалық Одақ Қазақстанның негізгі сауда және инвестициялық серіктесі болып саналады. Өткен 10 жыл ішінде Қазақстан мен ЕО арасындағы сауда айналымы 13 есе, ал Қазақстан экономикасына салынған еуропалық инвестициялардың көлемі 10 есе артты. Қазақстанның жалпы сыртқы сауда айналымының жартысынан көбі және Қазақстан экономикасындағы шетелдік капиталдың 49 пайызы Еуропалық одақтың үлесіне тиеді. Қазақстанның Еуропалық Одақ елдерімен сыртқы сауда айналымы 2015 жылы 31,2 миллиард АҚШ долларына жетті. Ол елдің жалпы сыртқы сауда көлемінің 51,4 пайызын құрайды.

Қазақстан ЕО-ның 30 ірі сауда серіктесінің тізіміне енеді және жалпы сауда айналымында 26 орын алады .

Г.Әбдіқалықова Еуропалық Одақтың қолдауы арқасында Қазақстан ДСҰ-ға толық мүше болғанын атап өтті. Мемлекеттік хатшы 2015 жылғы желтоқсанда қол қойылған ҚР және ЕО арасындағы кеңейтілген серіктестік және ынтымақтастық туралы келісім өзара сауданың одан әрі өсуіне және өзара іс-қимылдың жан-жақты нығаюына үлес қосатынын айтты. Соған орай Г.Әбдіқалықова еуропалық серіктестерді экономикамызды индустрияландырудың екінші кезеңіне және «Нұрлы жол» мемлекеттік инфрақұрылымдық даму бағдарламасын іске асыру ісіне атсалысуға шақырды. 

Кездесу кезінде Мемлекеттік хатшы еуропалық дипломатқа
биылғы наурызда ел Парламенті Мәжілісінің кезектен тыс сайлауы өтетінін айтып, Еуропалық Парламент өкілдерінің сайлау барысына халықаралық бақылаушы ретінде белсене қатысатынына сенім білдірді.

Мемлекеттік хатшы кездесу соңында Т.Христеаның Қазақстан мен Еуропалық Одақ арасындағы өзара түсіністік пен диалогты нығайту жолындағы қызметіне табыс тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің