Рәсімді ашқан Мемлекеттік хатшы ұлттық мереке – Тәуелсіздік Күні қарсаңында жоғары наградаларды табыс етудің символдық мәні зор екенін атап өтті. Бұл күндері бүкіл еліміз айрықша үздік деп танылған, қоғамды дамыту және Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін нығайту жолында халықтың құрметіне бөленген барша қазақстандықтарды марапаттайды. Республикамыз қол жеткізген табыстар Елбасының стратегиялық көрегендігі мен саяси күш-жігерінің жарқын көрінісі, сондай-ақ ел азаматтарының қалтқысыз қызметі мен қажырлы еңбегінің нәтижесі болып табылады. Марапатталғандар арасында мәдениет, білім және ғылым, денсаулық сақтау саласының қайраткерлері, экономика және бизнес өкілдері бар. Кездесу соңында Г.Әбдіқалықова қатысушыларды алдағы Тәуелсіздік күнімен құттықтап, баршаға бейбітшілік пен бақ-береке және Отанымыздың игілігі жолындағы еңбектеріне табыс тіледі.