National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның кезекті отырысы өтті

2015 жылғы 27 қараша

 

Мемлекеттік хатшы отырысты аша отырып, қазақстандық патриотизм және халық бірлігі Мемлекет басшысы ұсынған бес институционалдық реформаны, сондай-ақ «100 нақты қадамды» табысты жүзеге асырудың маңызды факторы екенін атап өтті. Қазақстандық патриотизм ең алдымен Отанға деген сүйіспеншіліктің, мемлекеттік рәміздерге деген құрметтің негізінде қалыптасады. 

Комиссия отырысында Инвестициялар және даму министрлігінің, сондай-ақ Қызылорда, Қостанай, Павлодар, Ақтөбе облыстары әкімдерінің есептері тыңдалды. Комиссия мүшелері бұл орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың идеологиялық тұрғыдан маңызды осы жұмыстарына терең әрі жан-жақты талдау жасады.

Мемлекеттік рәміздер туралы заңнамалардың бұзылуына жол бермеу, соның ішінде үнемі ішкі бақылауды қамтамасыз ету, құқықтық қолдану тәжірибесін жаңғырту, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді қолдану және насихаттау саласын бақылауды күшейту мәселелеріне уәкілетті мемлекеттік органдар басшыларының назары аударылды.

Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар мен ұсыныстар берілді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің