National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

2015 жылғы 26 мамыр

 

Отырысты ашқан Мемлекеттік хатшы қазақстандық патриотизм мен халық бірлігі Мемлекет басшысы ұсынған бес институционалдық реформаны кезең-кезеңімен іске асырудың және «100 нақты қадамды» өмірге табысты енгізудің маңызды факторы екенін атап өтті. Г.Әбдіқалықова қазақстандық патриотизм ең әуелі Отанға деген сүйіспеншілік пен оның мемлекеттік рәміздеріне деген  құрмет арқылы орнығатынын атап көрсетті. 

Комиссия отырысында Қорғаныс, Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрліктерінің, сондай-ақ, Астана қаласы және Атырау облысы әкімдерінің есептері тыңдалды. Аталған орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың осы маңызды идеологиялық саладағы жұмысына жан-жақты әрі терең талдау жасалды.

Мемлекеттік хатшы уәкілетті мемлекеттік органдар басшыларының  назарын мемлекеттік рәміздер туралы заңнамалардың бұзылуына жол бермеу, ішкі бақылауды ұдайы қамтамасыз ету, құқық қолдану тәжірибесін жетілдіру, сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау саласын бақылауды күшейту мәселелеріне аударды.

Отырыс қорытындысы бойынша нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің