National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Шетелде кадрлар даярлау жөніндегі республикалық комиссияның отырысы өтті

2015 жылғы 14 желтоқсан

 

Комиссия отырысын ашқан Г.Әбдіқалықова «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты Жолдауында Мемлекет басшысы жаңа әлеуметтік саясат ұсынғанын айтты. Елбасы атап өткендей, «әлеуметтік саясаттағы мемлекеттің басымдығы бар ісі адами капиталды дамытуға кең ауқымды инвестициялар салу болуға тиіс». Бұл орайда әлемнің үздік университеттерінде жоғары білікті кадрлар даярлау мәселесі маңызды мәселе болып отыр.

Мемлекеттік хатшы ұлттық экономиканың жетекші салаларын қарқынды дамыту үшін озық білім мен тәжірибені белсенді түрде трансферттеу үдерісіндегі стипендияның ерекше рөлін атап өтті. 

Комиссия шешімімен әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік орталықтарына магистратурада және докторантурада оқуға, тағылымдамаға жіберілетін 375 үміткерге стипендия  тағайындалды.

Сондай-ақ Комиссия жұмысы аясында 2016 жылға арналған Басымдығы бар мамандықтар тізбесі бекітілді. Мамандықтардың жаңа тізімі мемлекеттік органдар тапсырыстары бойынша ғана жасақталды және екі есеге дейін қысқартылды. Тізбеде барлығы 161 мамандық ұсынылған, оның 45-і – медициналық, 67-сі – техникалық, 49-ы –гуманитарлық мамандық.

Отырысты қорытындылаған Мемлекеттік хатшы жаңа 2016 жылы стипендия белгілеу ісін жетілдірудің жаңа бағыттарын жүзеге асыруға және үміткерлерді іріктеудің сапасын арттыруға қатысты бірқатар тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің