National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықованың Жамбыл облысына жұмыс сапары

2015 жылғы 07 желтоқсан

 

Мемлекеттік хатшы сапар барысында Қазақстан халқы Ассамблеясы жылының қорытындыларын шығаруға арналған Жамбыл облысы Қазақстан халқы Ассамблеясының «Үлкен ел – Үлкен отбасы» атты форумына қатысты.

Іс-шараға сондай-ақ Жамбыл облысының әкімі, өңірлік Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасы К.Көкірекбаев, ҚХА Төрағасының орынбасары – Хатшылық меңгерушісі Е.Тоғжанов, ҚХА және өңірлік Ассамблея мүшелері, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, облыс жұртшылығы қатысты.

Г.Әбдіқалықова өзінің құттықтау сөзінде бұл кездесу Мемлекет басшысының «Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: өсім, реформалар, даму» атты жолдауы жарияланғаннан кейін өткізіліп отырғанына  тоқталды. Жолдаудың 2015 жылғы 30 қарашада Тұңғыш Президент күні қарсаңында жариялануының да терең символдық мәні бар екенін айтты. Сонымен қатар Ассамблея жылында және Конституцияның 20 жылдығында жарияланған бұл Жолдау да мерейтойлық жиырмасыншы Жолдау болып отыр.  

Форумның басты міндеті – Бес институционалдық реформаны, «Мәңгілік Ел» жалпыұлттық патриоттық идеясын іске асыру ісіндегі халықтың азаматтық белсенділігін арттыру. Форум барысында ҚХА жылының қорытындылары шығарылып, қайырымдылық жасаушыларды, меценаттарды, ҚХА жылының басында қолға алынған республикалық жобалар мен конкурстардың жеңімпаздарына құрмет көрсету рәсімі өтті.

Жамбыл облысының Қазақстан халқы Ассамблеясы биыл 2 мыңға  жуық іс-шара өткізді, оған 665 мыңнан астам адам қатысты. Мәселен, «ҚХА – 20 ізгі іс» акциясы барысында 120 мыңнан астам адамның қатысуымен 800-ден аса іс-шара ұйымдастырылды. Бұл ретте акция аясындағы әлеуметтік жобалардың жалпы құны 1,3 миллиард теңгеден асты.

Мемлекеттік хатшы жұмыс сапарының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің