National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің кейбір мәселелері туралы» Жарлық

2014 жылғы 13 наурыз

 

Мемлекет басшысының Жарлығымен «Назарбаев орталығы» көпфункциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі базасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесін құру қарастырылды.

«Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жеке кітапханасы мен жеке мұрағатының жұмысын қамтамасыз ету, Қазақстанның қалыптасу және даму тарихын зерттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының идеялары мен бастамаларын ел ішінде және шетелдерде ғылыми-талдамалық және ақпараттық-имидждік ілгерілету мақсатында құрылды. 

Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметіне бірқатар тапсырма, соның ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру жөнінде тапсырма берілді.

Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы М.Б.Қасымбековке «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры міндетін атқару жүктелді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің