Г.Әбдіқалықова онда әйелдердің құқықтары мен мүмкіндіктері аясын кеңейту мәселелері жөніне баяндама жасайды деп жоспарланған. Сондай-ақ Мемлекеттік хатшы 10 – 12 наурыз аралығындағы сапар аясында Вашингтонда АҚШ-тың ресми тұлғаларымен, іскер топ өкілдерімен және сараптамалық қоғамдастық өкілдерімен бірқатар кездесу өткізеді. Атап айтқанда, АҚШ-тың Әйелдердің жаһандық проблемалары жөніндегі елшісі К.Рассэллмен, «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқып жатқан қазақстандық студенттермен кездесуі көзделген. Бұдан бөлек, Мемлекеттік хатшы «Жанды дауыстар» жаһандық әріптестігі» халықаралық үкіметтік емес ұйымының гала-қабылдауында болып, аталған ұйымның президенті Э.Нельсонмен кездеседі және «Жаһандық көшбасшылық жолындағы марапат» сыйлығы лауреаттарын марапаттау рәсіміне қатысады. Мемлекеттік хатшының Вашингтонға сапары Ақ үйдің, Мемлекеттік департаменттің, Конгрестің, сондай-ақ АҚШ-тың іскер және қоғамдық топтарының өкілдері, дипломатиялық корпус қатысатын «Наурыз» мейрамына арналған мерекелік іс-шарамен қорытындыланады.