National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

ҚР Мемлекеттік хатшысы Гүлшара Әбдіқалықова халықаралық Адам құқықтары күніне арналған «дөңгелек үстел» отырысына қатысты

2014 жылғы 09 желтоқсан

 

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде жиынға қатысушыларды Адам құқықтары күнімен құттықтап, Қазақстан Республикасының Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясының рухы мен принциптерін жүйелі ұстанатынын, оның ұлттық заңнамада нақтылы көрсетілгенін атап өтті. Гүлшара Әбдіқалықова республикада егеменді даму жылдарында адам құқықтарын қорғаудың қарқынды дамушы ұлттық жүйесі құрылғанын, онда Мемлекет басшысы жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия мен Омбудсмен институтының маңызды орынға ие екенін атап өтті.

Г.Әбдіқалықова қатысушылардың назарын халықтық демократия  дәстүрлеріндегі және Қазақстан халқы адам құқықтарындағы тарихи сабақтастыққа аударды. Мемлекеттік хатшы көрнекті әлемдік өркениетті зерттеушілердің бірі Арнольд Джозеф Тойнбидің еңбектерінен тезистер мысалға келтірді. Ол бостандық сүйгіш өмір салтында, тұлғаға құрметпен қарауда көрініс табатын құқықтық бостандықтың болуы барлық номадтарға тән болғанын атап өткен, оған қазақ халқының көшпенді мәдениеті де жатады.

Мемлекеттік хатшы өз сөзінде «Махмұд Қашқари, Мұхаммед Хайдар Дулати, Қорқыт ата және басқалар сияқты дала өркениетінің ойшылдары Дала рухының өзіндік кодексін жасады, оның негізі адамның табиғи құқықтары, руханият, имандылық болып табылады» деп атап өтті.

Өз сөзін қорытындылай келе Гүлшара Әбдіқалықова баршаны келе жатқан ұлттық мереке – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күнімен құттықтады. Мемлекеттік хатшы «егемендік алған соң біздің халқымыз, біздің еліміз және оның әрбір азаматы жарқын болашақты өз бетінше құрудың шынайы бостандығына ие болды» деп атап өтті. Құқық қорғау тетігін жетілдіру әрбір адамның бостандығын қамтамасыз етіп қана қоймай, сонымен бірге елдің егемендігін нығайтуға да септігін тигізеді.

Отырысқа қатысушылар алдында сондай-ақ ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қуаныш Сұлтанов, ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Ержан Ашықбаев, БҰҰ-ның Қазақстандағы Тұрақты Үйлестірушісі міндетін атқарушы Николай Ботев, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігінің Басшысы Аурелия Бушез, Ұлыбританияның Қазақстандағы Елшілігі Миссиясы Басшысының орынбасары Грег Куинн және БҰҰ Даму Бағдарламасының Қазақстандағы Өкілінің орынбасары Мунхтуя Алтангерел құттықтау сөз сөйледі.

Халықаралық ұйымдар мен шетелдік дипломатиялық өкілдіктер басшылары Қазақстан Республикасын БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі Кеңесінің Бюросына сайлануымен құттықтап, елдің құқық қорғау қызметіне табыс тіледі.

Дөңгелек үстел отырысына қатысушылардың баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде халықаралық құқық нормаларын одан әрі имплементациялаудың, әділ сот төрелігі жүйесі мен соттан тыс құралдарды қоса алғандағы адам құқықтарын қорғаудың халықаралық және ұлттық тетіктерін жетілдірудің өзекті проблемалары қозғалды.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы мен қолданыстағы заңнамасында кепілдік берілген адам құқықтары мен бостандықтарын іске асырудың кең ауқымдағы мәселелері бойынша мүдделі әрі сындарлы пікір алмасу орын алды.

Іс-шараны ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия, Сыртқы істер министрлігі, БҰҰ-ның Қазақстан Республикасындағы Өкілдігі, Еуропалық Одақтың Қазақстандағы Өкілдігі, Қазақстандағы Ұлыбритания Елшілігі ұйымдастырды. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің