National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс айту күнімен құттықтауы

2021 жылғы 01 наурыз

Құрметті отандастар!

 

Сіздерді Алғыс айту күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Елбасы 2015 жылы Қазақстан халқы Ассамблеясының сессиясында жариялаған осы айтулы мерекенің мәні терең, маңызы ерекше.

Бұл күні халқымыздың бір-біріне өзара қамқорлығы, мызғымас береке-бірлігі мен ынтымағы кеңінен дәріптеледі.

Біз осы құндылықтардың арқасында мемлекеттігімізді жаңғыртып, түрлі сын-қатерден сүрінбей өттік. Қазір Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық белесін әлеуметтік-экономикалық саладағы және халықаралық деңгейдегі толағай табыстармен қарсы алғалы отырмыз.

Бүгінде азаматтарымыз егемен елімізді дамытуға, қастерлі қазақ жеріндегі бейбітшілікті, татулық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосуда.

Мен баршаңызға Отанымыздың өркендеуі жолында сіңірген жасампаз еңбектеріңіз үшін алғыс айтамын.

Біз біртұтас және еңбекқор ұлт болсақ, көздеген мақсаттарымызға жетеміз. Бәріміз бірге әділетті қоғам құрып, мемлекеттілігімізді орнықтыра түсеміз деп сенемін.

Баршаңызға зор денсаулық, бақ-береке және мол игілік тілеймін!


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару

Заңдар

2021 жылғы 01 сәуір

Мемлекет басшысы «Еуразиялық экономикалық одақтың тауар белгілері, қызмет көрсету белгілері және тауарлар шығарылған жерлердің атаулары туралы шартты ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

2021 жылғы 10 сәуір

Қасым-Жомарт Тоқаев Ханзада Филипптің қайтыс болуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады

Жарлық

2021 жылғы 05 сәуір

Хроника


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің