Мемлекет басшысы азаматтық қорғаныс, өнеркәсіптік және өрт қауіпсіздігі, сондай-ақ мемлекеттік материалдық резервті қалыптастыруға, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою саласындағы заңнамаларды жетілдіруге, бағытталған «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады. *** Мемлекет басшысы қолданыстағы заңнаманы қабылданған «Азаматтық қорғау туралы» Заңға сәйкестендіруге бағытталған «Қазақстан Республикасының бірқатар заңнамалық актілеріне азаматтық қорғау мәселелері бойынша өзгерістермен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады. *** Мемлекет басшысы «2011 жылғы 18 қазандағы Еркін сауда аймағы туралы шартты оның Тараптары мен Өзбекстан Республикасы арасында қолдану туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды. Заң мәтіні баспасөзде жарияланады.