National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына Шығыс Қазақстан облысының әкімі Бердібек Сапарбаевтың есебі келіп түсті

2013 жылғы 21 қараша

 

Өз есебінде Б.Сапарбаев «Бизнестің жол картасы – 2020» және «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламаларының өңірдегі іске асырылу барысы жөнінде мәлімдеген. 

Шығыс Қазақстан облысының әкімі облыста «Бизнестің жол картасы – 2020» бағдарламасы аясында 3 мың жаңа жұмыс орны ашылғанын, сондай-ақ 10 мыңнан астам жұмыс орны сақталғанын атап өтеді.

2013 жылы жалпы құны 4,1 млрд. теңге несиенің сыйақы мөлшерлемесін субсидиялауға 60 өтінім мақұлданды. Кепілдік ұсынуға құны 1,2 млрд. теңге 8 несиелік  өтінімге қолдау көрсетілді.

Жалпы биыл облыста бағдарламаны іске асыруға 2,8 млрд. теңге,  соның ішінде индустриялық инфрақұрылым қалыптастыруға 1,1 млрд. теңге бөлінген.

Бизнесті мемлекеттік қолдаудың бағыттары туралы кәсіпкерлерді ақпараттандыру жөніндегі жұмысқа өңірде айтарлықтай көңіл бөлініп отыр. Мысалы, биыл Кәсіпкерлерді қолдау және қызмет көрсету орталықтары арқылы 2256 шағын және орта бизнес субъектісіне 3463 ақпараттық-консультациялық қызмет көрсетілді.

 Есепке сәйкес, «Жұмыспен қамту жол картасы – 2020» бағдарламасы бойынша 2011 жылдан қазіргі уақытқа дейін 4 мыңнан астам адам құны 9,7 млрд. теңгеден артық сома көлемінде шағын несие алды.

 Шығыс Қазақстан облысының әкімі келешегі жоқ ауылдардан азаматтарды көшіру үшін экономикалық даму нүктелерінде тұрғын үй құрылыстары жүріп жатқанын мәлім етті. Мысалы, Зыряновск қаласында 60 пәтерлі үйдің, Көкжайық ауылында  екі пәтерлі 10 үйдің және Өскемен қаласының Шығыс кентінде 114 жеке тұрғын үйдің құрылысы аяқталды.

 Сондай-ақ, бөлінген бюджеттік қаражаттар есебінен 68 әлеуметтік сала нысандарында, 37 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысандарында және жергілікті маңызы бар 66 шақырым жолға жөндеу жұмыстары жүргізілді.

 2011 жылдан бастап Жұмыспен қамту бағдарламасы аясында 31 мыңнан астам қамтылды, оның 60 %-ы – жастар. Жұмыссыздық деңгейі 2013 жылдың 3 тоқсанының қорытындысы бойынша  2010 жылғы 5,7 %-дан 5,0 %-ға дейін төмендеді.

 Б.Сапарбаев есебінің соңында мемлекеттік бағдарламалар өңір тұрғындарының түрлі топтары тарапынан жан-жақты қолдау тауып отырғанын хабарлаған. Шығыс Қазақстан облысының әкімі бұл бағдарламаны одан әрі іске асыру қоғамда әлеуметтік тұрақтылықты сақтауға және азаматтардың әл-ауқатының артуына септігін тигізетінін атап өткен.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің