National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Отбасы күнімен құттықтауы

2013 жылғы 08 қыркүйек

 

Құрметті отандастарым!

 

Елімізде алғаш рет Отбасы күні бекітілді, ол Қазақстанда жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбісінде атап өтілетін болады.

Мен барлық қазақстандықтарды шын жүректен жаңа мерекемен құттықтаймын!

Біздің қоғамда отбасы әрқашанда рухани және мәдени дәстүрлердің сақтаушысы, түрлі буындар арасын жалғастырушы болды және солай болып қала бермек.

Отбасы күні біздің қоғамымызда руханилықты, өнегелілікті нығайтуға, ерлі-зайыптылар жауапкершілігінің маңыздылығын сөзсіз мойындауға ықпал етеді.

Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады. Туған шаңырақтан алған тәрбие – бұл барша халқымыздың бақуатты да табысты болашағының кепілі.

Отбасылық құндылықтарды, көпбалалықты насихаттау - бұл біздің мемлекетіміздің ең басты міндеттерінің бірі. Тәуелсіздік жылдары 6 миллионнан аса қазақстандық дүние есігін ашты. Ал еліміз азаматтарының жалпы саны 17 миллионнан асты. Бұл Қазақстан Республикасындағы отбасылық-демографиялық саясаттың дұрыстығының, халқымыздың әл-ауқатының артқандығының барынша айғағы.

Отбасы күні барша қазақстандықтарға амандық және баянды отбасылық бақыт тілеймін. Әрбір қазақстандық отбасының өркендеуімен біздің Қазақстанымыз, біздің Отанымыз нығая берсін.

 

 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің