National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

2015 жылғы 22 қыркүйек

 

26-29 қыркүйекте Қазақстан Президенті БҰҰ Бас ассамблеясының Нью-Йоркте өтетін мерейтойлық 70-сессиясына қатысу үшін ұйымның Бас хатшысы Пан Ги Мунның шақыруымен Америка Құрама Штаттарына барады.

Елбасы Бас ассамблеяның Жалпы дебатында баяндама жасап, БҰҰ Мыңжылдық даму мақсаттарын жүзеге асыру және Орнықты дамудың 2030 жылға дейінгі мақсаттарын қарастыру жөніндегі саммитке, сондай-ақ Зорлық-зомбылық сипатындағы экстремизммен күрес жөніндегі саммитке қатысады деп жоспарланып отыр.

Сонымен қатар Бас ассамблея аясында бірқатар мемлекеттер мен үкіметтер басшыларымен келіссөздер жүргізу көзделуде.  Американың JP Morgan, Guggenheim, Chevron, Microsoft және басқа ірі компаниялары өкілдерімен кездесу өткізу де жоспарланған. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің