National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекет басшысының қатысуымен өтетін алдағы іс-шаралар аңдатпасы

2016 жылғы 18 тамыз

Қазақстан Президенті 22 тамыз – 5 қыркүйек аралығында бірнеше мемлекетке сапармен барады.

Атап айтқанда, 22-23 тамызда Нұрсұлтан Назарбаев Президент Анджей Дуданың шақыруымен Польша Республикасына мемлекеттік сапармен барады. Екі елдің көшбасшылары сауда-экономика, инвестиция, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ транзит-көлік және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты нығайту жолдарын талқылауды жоспарлап отыр. Бұдан бөлек, Мемлекет басшысының Қазақстан-Польша бизнес-форумына қатысуы көзделген.

23-24 тамызда Қазақстан Президенті ресми сапармен Сербия Республикасына барып, онда Президент Томислав Николичпен кездеседі. Келіссөздер аясында мемлекеттер басшылары Қазақстан мен Сербияның екіжақты қарым-қатынасының өзекті мәселелерін талқылайтын болады.

Нұрсұлтан Назарбаев 1-5 қыркүйек аралығында ҚХР-дың Төрағасы Си Цзиньпиннің шақыруымен G-20 Саммитіне қатысу үшін Қытай Халық Республикасына сапармен барады. Сапар барысында Мемлекет басшы ҚХР-дың Төрағасы Си Цзиньпинмен кездесіп, онда Астана мен Бейжің ынтымақтастығының басым бағыттары талқыланады деп жоспарлануда. Бұдан бөлек, Саммит аясында делегациялар басшыларымен бірқатар келіссөздер өтпек.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің