National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекеттік хатшы Әділбек Жақсыбековтің төрағалығымен Қазақстан Президенті жанындағы консультативтік-кеңесші орган – Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссияның отырысы өтті

2014 жылғы 30 сәуір

 

Отырысқа ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалармен марапаттау жұмысының жай-күйі, «Еңбек ардагері» медалінің құқықтық мәртебесін бекіту, сондай-ақ ведомстволық наградалардың геральдикалық сипаттамасын жетілдіру жөніндегі ұсыныстар қаралды.

Отырыс қорытындысында нақты тапсырмалар мен ұсынымдар берілді.

Ведомстволық наградалар жөніндегі геральдикалық комиссия Мемлекет басшысының 2011 жылғы 30 қыркүйектегі №155 Жарлығымен құрылған. Оның құрамына Президент Әкімшілігінің, Премьер-Министр Кеңсесінің, өзге мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, қоғам қайраткерлері және кәсіби мамандар кіреді.

Комиссияның негізгі міндеті – ведомстволық наградалардың нормативтік құқықтық актілерін және олардың геральдикалық сипаттамаларын жетілдіру.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің