National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықова Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия өткізген дөңгелек үстелге қатысты

2015 жылғы 10 желтоқсан

 

Халықаралық Адам құқықтары күніне арналған іс-шараға Адам құқықтары жөніндегі комиссияның төрағасы Қ.Сұлтанов, Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының Қазақстандағы тұрақты өкілі Норимаса Шимамура және басқа халықаралық ұйымдардың Қазақстандағы өкілдіктерінің басшылары қатысты.

Мемлекеттік хатшы құттықтау сөзінде Елбасы ұсынған Ұлт жоспарын іске асыру аясында, сондай-ақ Қазақстандағы құқық қорғау тетіктерін жетілдіру мақсатында адам құқықтарын талқылаудың өзекті екенін атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында Қазақстан Республикасының Конституциясы және қолданыстағы заңнама кепілдік берген адам құқықтары мен бостандықтарын іске асыру, халықаралық стандарттарға сәйкес адам құқықтарын қорғау мен қамтамасыз етудің ұлттық тетіктерін одан әрі жетілдіру мәселелері жөнінде пікір алмасылды.

Дөңгелек үстелге қатысушылардың баяндамалары мен сөйлеген сөздерінде халықаралық құқық нормаларын ұлттық заңнамаға енгізу, адам құқықтарын қорғаудың халықаралық және ұлттық тетiктерiн жетілдіру, сондай-ақ адам құқықтарын сотта және соттан тыс институттарда қорғау мәселелері айтылды.

Іс-шараға қатысушылар адам құқықтары саласында Қазақстан ратификациялаған халықаралық келісімшарттардың құқық қорғау тетіктерін жетілдірудегі және адам құқығын қорғаудың ұлттық жүйесін нығайтудағы  маңызды рөлін атап өтті. Талқылауға қатысқан халықаралық және ұлттық сарапшылар Қазақстандағы құқық қорғау тетіктеріне оң баға берді.

Соңында Мемлекеттік хатшы қатысушыларды 2015 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымының Адам құқықтары жөніндегі кеңесінде және келісімшарттық органдарында үш ұлттық баяндаманың табысты қорғалуымен құттықтады және  құқық қорғау саласындағы қызметтеріне табыс тіледі.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің