National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Мемлекеттік хатшы Гүлшара Әбдіқалықованың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссияның бірінші отырысы өтті

2016 жылғы 06 сәуір

 

Президент жарлығымен 2016 жылғы 28 наурызда тиісті комиссия құрылып, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелеудің «Бірлік пен Жасампаздықтың 25 жылы»  тұжырымдамасы, Мемлекеттік комиссия туралы ереже мен оның құрамы бекітілді.

Г.Әбдіқалықова өз сөзінде Мемлекет басшысының: «Тәуелсіздік жылдары республикамыз тарихи даму тұрғысынан ғажайып серпіліс жасады. Біздің Қазақстан – Ұлы Дала Елі, Жаңғырған Ұлы Дала Елі! Бұл біздің асқақ аңсарымыз әрі ерекше мақтанышымыз!» деген сөзіне тоқталып өтті.

Мемлекеттік хатшы Тәуелсіздіктің 25 жылдығын мерекелеу мемлекеттіліктің одан әрі нығаюына, халықтың бірлігі мен барлық қазақстандықтың «Мәңгілік Ел» құндылықтары аясында топтасуына мүмкіндік беретіндігін айтты.

Сондай-ақ ол Тәуелсіздік мерейтойын мерекелеу бостандық, бірлік, тұрақтылық, жасампаздық, өркендеу сияқты «арқаулы құндылықтарға» негізделетініне ерекше мән берді. Әрбір ай Тәуелсіздіктің жетістіктері мен «Мәңгілік Ел» құндылықтарының біріне  арналатын болады.

Отырыс барысында Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған іс-шараларды дайындау және өткізу жөніндегі өзара іс-қимыл мен мемлекеттік органдардың, жұртшылықтың және бұқаралық ақпарат құралдарының жұмысын үйлестірудің негізгі мәселелері талқыланды.

Отырыс аясында Мемлекеттік комиссия мүшелері мен шақырылған қонақтар Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған «Тәуелсіздік тарихы: Қазақстан жолының қарышты қадамдары» атты деректі фотокөрменің ашылу рәсіміне қатысты.

Отырысты қорытындылаған Мемлекеттік хатшы жоспарланып отырған іс-шараларды сапалы әрі уақтылы іске асыру қажеттігін айтып, жұмысты әрі қарай ұйымдастыруға байланысты бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің