National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Нұрлан Ермекбаевтың төрағалығымен кеңес өтті

2015 жылғы 13 мамыр

 

Құқық қорғау органдары қызметінің ашықтығын, қызметкерлердің этика сақтауы мен олардың азаматтар алдындағы жауапкершілігін  қамтамасыз етуге бағытталған жүйелі ұсыныстар әзірлеу жөніндегі отырыс  жұмысына арнайы және құқық қорғау органдарының, Президент Әкімшілігінің құрылымдық бөлімшелерінің басшылары қатысты.

Отырыс барысында кадрлық жұмыстың жай-күйі және оның тиімділігін арттыру бойынша қабылданып жатқан шаралар талқыланды. Кадрларды іріктеу және орналастыру жүйесін жетілдіруге, оларды кәсіби оқытуға және азаматтардың мінез-құлық этикасының үлгісін әзірлеуге ерекше көңіл бөлінді.

Сонымен қатар, қызметкерлердің мәртебесін көтеру, қызметкерлердің және құқық қорғау органдарының жұмысын бағалау критерийлерін өзгерту мәселелері де қаралды.

Кеңес қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарға ең үздік халықаралық тәжірибелерді және өз тәжірибесін ескере отырып, кадрлық жұмыстың тиімділігін, қызметкерлердің мінез-құлық этикасын арттыру жөнінде ұсыныстар енгізуге тапсырма берілді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің