National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Республикалық Ұланның президенттік оркестрінің Елорда күніне арналған мерекелік концертін тамашалады

2013 жылғы 28 маусым

 

Концертте тыңдаушыларды әртүрлі жанрдағы музыкалық шығармалар тәнті етті. Атап айтқанда, эстрадалық-симфониялық оркестрдің орындауында әлемдік классикалық үздік туындылардан аспапты поппури,  Президенттік оркестрдің жас таланттарының орындауында спектакль түрінде әлемдік опералық, вокальдық, классикалық, музыкалық шығармалардан үзінділер орындалды.

Бұған қоса, Президенттік оркестр қазақтың халық әндерінен тұратын «Ән шашуды» тарту етті. Сондай-ақ, би ансамблінің орындауында домбырашылардың сүйемелдеуімен «Мереке думан» деген атпен қазақ биінің жаңа қойылымы көрсетілді.

Президенттік оркестр – репертуарында әлемдік музыка мәдениетінің барлық жанры қамтылған шығармашылық ұжым. Ол республиканың мәдени және музыкалық өміріне белсене қатысады, Қазақстанды халықаралық музыкалық аренада танытады. Оркестрдің әртістері ТМД елдерінің, Еуропа, Азия және әлемнің басқа да елдерінің сахналарында өнер көрсетіп жүр.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 26 наурыз

Мемлекет басшысы «Түркі мемлекеттері ұйымының Азаматтық қорғау тетігін құру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

2026 жылғы 31 наурыз

Мемлекет басшысы «Русская медная компания» негізін қалаушы Игорь Алтушкинді қабылдады

Жарлық

2026 жылғы 25 наурыз

Н.С. Байбазаров туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің