Мемлекет басшысының Жарлығымен «Назарбаев орталығы» көпфункциялы ғылыми-талдамалық және гуманитарлық-ағартушылық мемлекеттік мекемесі базасында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесін құру қарастырылды. «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының жеке кітапханасы мен жеке мұрағатының жұмысын қамтамасыз ету, Қазақстанның қалыптасу және даму тарихын зерттеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының идеялары мен бастамаларын ел ішінде және шетелдерде ғылыми-талдамалық және ақпараттық-имидждік ілгерілету мақсатында құрылды. Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Үкіметіне бірқатар тапсырма, соның ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің «Астана» ұлттық сурет галереясы» республикалық мемлекеттік мекемесін құру жөнінде тапсырма берілді. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің Бастығы М.Б.Қасымбековке «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасы» мемлекеттік мекемесінің директоры міндетін атқару жүктелді.