Қазақстан Президентіне көрменің өлшемдеріне анағұрлым сай келетін жобалар өз параметрлері бойынша ұсынылды. Нұрсұлтан Назарбаев таңдап алынған эскиз-идеяларды қарап шығып, олардың әрқайсының жақсы жақтарын атап өтті. Елімізде «жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруға қатысты қарастырылған жобалардың перспективасының жайы бөлек талқыланды. ЭКСПО-2017 көрмесі кешенінің үздік эскиз-идеясы туралы шешім кейін жария етіледі.