National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Бүгін Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанға ресми сапармен келген Монако Князі II Альбермен кездесті

2012 жылғы 02 қараша

Кездесудің салтанатты рәсімінен кейін мемлекет басшылары саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық, экологиялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселесін талқылады.

Әңгімелесу барысында Қазақстан Президенті бұл II Альбердің Қазақстанға алғашқы сапары екенін атап өтті.

- Мен Сіздің жас, тәуелсіз мемлекет - Қазақстанды көру үшін келгеніңізге қуаныштымын. Қазақстан мен Монако арасындағы ынтымақтастықтың тарихы осыдан басталады деп үміттенемін. Сізді қабылдағаным және Сізбен танысқаным маған жылы әсер қалдырды. Астанада Сіздің анаңызға, княгиня Келли Грейске арналған көрме өтуде. Бұл ­- қазақстандықтар үшін маңызды оқиға. Сіздің біздің елімізбен және оның адамдарымен танысу мүмкіндігіңіз бар. Сіз біздің бұрынғы астанамыз Алматыда да боласыз. Сіздің сапарыңыз есте қаларлықтай әрі әсерлі боларына сенемін, - деді Мемлекет басшысы.

Өз сөзінде Монако Князі II Альбер Нұрсұлтан Назарбаевқа жылы қабылдауы мен достық ниеті үшін алғысын айтты.

- Делегация және өзім де Монакода жүріп-ақ, сіздер жақтан жеткен жылылықты сезіңдім. Сондай-ақ мен анама арналған көрмені өздеріңіздің жас елордаларыңыз Астанада ұйымдастыруға келісім бергеніңіз үшін Сізге ризашылығымды білдіремін. Сіздің көрменің ашылуына қатысатыныңыз мен үшін үлкен құрмет. Сіз өте қызықты көрмені тамашалай аласыз. Ол мен үшін де өте маңызды әрі менің естеліктеріммен байланысты. Сіз менің анамның өміріне және Монако княздігі өміріне байланысты қызықты және көңіл толқытарлық экспонаттарды көретін боласыз. Мен бұл көрменің өткеніне, бұл идея осында жан-жақты қолдау тапқанына өте қуаныштымын, - деді II Альбер.             

Келіссөздердің қорытындысы бойынша Мемлекет басшыларының Бірлескен декларациясы қабылданды және ҚР Сауда өнеркәсіп палатасы мен Монако Экономикалық даму палатасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Бірлескен декларацияда Мемлекет басшылары екі елдің ұлттық мүдделері мен жаhандық сипаттағы проблемаларына жауап беретін мәселелер бойынша Қазақстан мен Монако арасындағы түрлі деңгейде жүргізілген саяси диалог пен консультациялардың рөлін жоғары бағалады.

Сондай-ақ Нұрсұлтан Назарбаев пен II Альбер қауіпсіздікті және жаhандық ауқымда тұрақтылықты нығайту мақсатында халықаралық және өңіраралық институттар аясындағы екі елдің бірлескен жұмысын жалғастыруға тілектестіктерін білдірді.

Сонымен қатар, Қазақстан Президенті БҰҰ-ның дағдарысқа қарсы кешенді пактісін әзірлеудің жаңа форматы - "G-Global"-ды алға жылжытуда Монаконың әлеуетін тартуға мүдделілік білдірді.

Өз кезегінде II Альбер Князь Қазақстанның қуатты экономикалық дамуын атап өтіп, Нұрсұлтан Назарбаевқа ол жүргізіп отырған әртараптандыру мен инновация саясатына үлкен табыс тіледі. Мемлекет басшылары екіжақты экономикалық қатынастардың дамуын және Қазақстан мен Монаконың әлеуеті мен тәжірибелерін ескере отырып өзара тиімді ынтымақтастықтың бағыттары мен жобаларын белсенді іздеу керектігіне тоқталды.       


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің