Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан мен Ватикан арасында жемісті ынтымақтастық бар екенін атап өтті, сондай-ақ Киелі Тақтың Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшылары съезін шақыру идеясына қолдау көрсеткені және оның жұмысына белсенділікпен қатысқаны үшін ризашылығын білдірді. Осы орайда, А.Содано Рим Папасы XVI Бенедикттің сәлемін жеткізді және Ватиканның біздің еліміздің конфессияаралық келісімді дамытуға қосқан үлесін және оның халықаралық қауіпсіздік саласындағы, сондай-ақ дінаралық және этносаралық диалог пен толеранттылық саласындағы рөлін жоғары бағалап отырғанын атап өтті. Бүгінде Қазақстанда 100-ден астам католик храмы мен шіркеуі жұмыс жүргізеді.