Әңгімелесу барысында еліміз дамуының қоғамдық-саяси аспектілері, атап айтқанда, «Қазақстан-2050» Стратегиясының негізгі бағыттары, сондай-ақ адам капиталының ұлғаюы, жинақталуы және тиімді пайдаланылуы жөніндегі мәселелер талқыланды. Сондай-ақ кездесуде Стратегия аясында әлеуметтік өмірдің түрлі саласын, соның ішінде білім мен денсаулық салаларын дамытуға ерекше көңіл бөлінетіні атап өтілді.