National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы академик Кенжеғали Сағадиевті қабылдады

2016 жылғы 22 қаңтар

 

Кездесу барысында отандық ғылымды дамытудың маңызды мәселелері мен Қазақстанның экономикалық саясатының негізгі бағыттары талқыланды.

Мемлекет басшысы әлемдік экономика мен геосаясаттағы қазіргі ахуалға орай еліміздің ғылыми жұртшылығы пікір білдіріп, өз шешімдерін ұсынуға тиіс екенін айтты.

– Бүгінде бірде-бір сарапшы жағдайдың әрі қарай қалай дамитынын және қалыптасқан ахуалдан шығудың жолдарын болжай алмайды. Еуропадағы, АҚШ-тағы, Қытайдағы ахуалға қатысты жекелеген пікірлер бар, бірақ ешкім тұтастай пайым жасай алмай отыр. Бұған қоса, бірқатар ел арасындағы санкциялық текетірес әлемдік сауда жүйесіне оң әсер етіп отырған жоқ. Терроризм қатері де назар аударуды қажет етеді, оған қарсы тек бірлескен іс-қимыл арқылы күресуге болады. Біздің ғылыми-сарапшылық ортада осы сын-қатерлерге қатысты негізделген пікір болуға тиіс, – деді Қазақстан Президенті.

К.Сағадиев ел ғалымдары өздеріне жүктелген жауапкершілікті сезінетінін айта отырып, қазіргідей күрделі кезеңде қоғамға қызмет ету олар үшін кәсіби борыш екенін атап өтті.

Сондай-ақ академик Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан Ұлт жоспары зор тарихи мүмкіндік екенін, оның әлеуеті барынша пайдаланылуы тиістігін айтты. Бұл үдеріске ғылымның ғана емес, республика жұртшылығының барша өкілдері белсене қатысқаны жөн. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің