National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы «Астана» велокомандасының бас менеджері Александр Винокуровты қабылдады

2015 жылғы 27 қаңтар

 

Кездесуде велокоманданың қазіргі маусымдағы міндеттері, елдегі велосипед спортының даму перспективалары талқыланды.

Мемлекет басшысы Қазақстанда велоспортты дамыту және кеңінен таныту үшін қажетті барлық жағдай жасалып жатқанын айтты.

– Астанада мүмкіндіктері жағынан ең үздіктердің бірі саналатын «Сарыарқа» республикалық велотрегі салынды. Жоғары нәтижелер көрсетіп жүрген кәсіби велокоманда құрылды, – деді Қазақстан Президенті.

Нұрсұлтан Назарбаев өскелең ұрпақты велосипед спортына баулудың маңыздылығын да атап өтті.

А.Винокуров команданың табыстары туралы, сонымен қатар Велосипедшілердің халықаралық одағының бастамасымен өтетін «Тур Алматы» жарысына деген қызығушылықтың өсіп келе жатқандығы туралы әңгімеледі. 

– Велокомандамыз биыл оныншы маусымын өткізеді. Біз өзіміз қатысып жүрген барлық жарыстарда жеңуге тырысамыз. Еуропада елеулі жарыстардың барлығында жеңіп, жақсы беделге ие болдық, – деді велокоманданың бас менеджері.

Кездесу барысында А.Винокуров Мемлекет басшысына былтыр «Тур де Франс» көпкүндік велобәйгесінде жеңіске жеткен «Астана» велокомандасының майкасын тарту етті. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің