Кездесуде өңдеу өнеркәсібі мен ауыл шаруашылығын дамыту, сондай-ақ, өңірдің экономикасын одан әрі әртараптандыру перспективалары қарастырылды. А.Көлгінов Мемлекет басшысын өңірдің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, мемлекеттік бағдарламалардың жүзеге асырылу барысы, сондай-ақ алдағы кезеңдегі өзекті міндеттер жөнінде хабардар етті. Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.