National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Энергетика министрі Владимир Школьникті қабылдады

2016 жылғы 08 ақпан

 

Кездесу барысында В.Школьник мемлекет басшысына мұнай-газ секторындағы, сондай-ақ электр энергетикасы, қоршаған ортаны қорғау, атом салаларындағы ахуал және министрліктің басқа да бағыттағы жұмыстары туралы баяндады.

Сонымен қатар, көмірсутек шикізаты бағасының төмендігіне байланысты туындаған дағдарысты еңсеру жөнінде министрлік пен Үкімет қабылдап жатқан шаралар да қарастырылды.

Мемлекет басшысы энергетика саласындағы барлық перспективалы жобаларды, соның ішінде Қашаған кенішін іске қосу, Теңіз кенішін кеңейту, Қарашығанақ кенішін кеңейтудің екінші кезеңі сияқты жобаларды жүзеге асыру қажеттігіне назар аударды.

Энергетика министрі мұнай өндірісін 77 млн тоннаға дейін төмендету жөнінде биылғы жылға қарастырылған мөлшерді кейін Қашаған кенішін іске қосу есебінен толтыру жоспарланып отырғанын мәлімдеді.

– Мұнай бағасының төмендігі барлық компанияларды өз бюджетін қысқарту мақсатымен қайта қарауға, өнімнің өзіндік құнын азайтумен айналысуға мәжбүрледі. Әлемнің барлық еліндегі сияқты үнемдеу режімі енгізілді, бірақ елдің мұнай-газ секторындағы жұмысшыларды босатуға жол берілген жоқ, – деді В.Школьник.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің