National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы халық әртісі Әлібек Дінішевті қабылдады

2018 жылғы 01 қараша

Нұрсұлтан Назарбаев Әлібек Дінішевтің Қазақстан мәдениеті мен өнерін дамыту және ілгерілету ісіндегі айрықша рөлі мен сіңірген еңбегін атап өтті.

Мемлекет басшысы халық әртісінің Астана қаласы мен бүкіл тәуелсіз Қазақстанның қалыптасу үдерістеріне куә болып, белсенді атсалысып келе жатқанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев Ә.Дінішевті елорданың 20 жылдығына орай «Астана Опера» театрында қойған концертінің табысты өтуімен құттықтады. 

Халық әртісі Қазақстан Президентінің шығармашылық саласындағы саясатына және мемлекеттің өнер қайраткерлеріне қолдау көрсетіп отырғанына ризашылық білдірді.

– Мен Астананың мерейтойын атап өтуге үлес қосуды парызым деп білемін. Егемен еліміздің мәдениетін қалыптастыру кезінде Сізбен бірге болғанымды мақтан етемін. Бұл жолда көптеген қиыншылықтар еңсерілді. Қазір бәрі түбегейлі өзгерді, театрларға керемет жағдай жасалды. «Астана Опера» – соның жарқын мысалы. Оның сахнасында ән айту – зор қуаныш, – деді Ә.Дінішев.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 02 шілде

Мемлекет басшысы «Психологиялық қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

2026 жылғы 03 шілде

Мемлекет басшысы Беларусь Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады

Жарлық

2026 жылғы 02 шілде

Қазақстан Халық Кеңесінің кейбір мәселелері туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің