National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Қазақстанға ресми сапармен келген Мысыр Араб Республикасының Президенті Әбдел Фаттах Ас-Сисимен кездесті

2016 жылғы 26 ақпан

Кездесу барысында екі елдің сауда-экономика, ауыл шаруашылығы, фармацевтика, инфрақұрылым және көлік-логистика салаларындағы ынтымақтастығы мәселелері талқыланды. 

Нұрсұлтан Назарбаев Ә.Ас-Сисидің Қазақстанға алғашқы сапары елдеріміз арасындағы серіктестік қарым-қатынастарға жаңа серпін беретінін айтты.

Біздің ел Мысырмен сенімді достық қарым-қатынасты дамытуға мүдделі. Биыл қазақстандықтар өз тәуелсіздігінің 25 жылдығын мерекелейді. 1991 жылы араб елдері ішінен Мысырдың ең бірінші болып тәуелсіздігімізді танығаны есімізде. Содан бері халықтарымыз бен елдерімізді жақындастыру үшін көп жұмыс жасалды, осы жылдар ішінде мен Мысырға бірнеше рет бардым, – деді Мемлекет басшысы.

Қазақстан Президенті екі елдің географиялық алшақтығына қарамастан, көлік-транзит байланысын дамыту үшін зор әлеуетке ие екеніне де назар аударды.

Мемлекет басшысы Ә.Ас-Сисидің Мысыр басшылығына күрделі кезеңде келгенін айтты.  

Біз соңғы жылдардағы ішкі қақтығыстарға, қантөгістер мен революцияға қарамастан Мысыр халқының ұйыса білгені және жаңа Президентке сенім білдіргені үшін қуаныштымыз. Сіз таяуда Парламент қабырғасында сөйлеген сөзіңізде жаңа мақсаттар мен міндеттер қойдыңыз, олар бізге де түсінікті, жанымызға жақын. Мысыр – Таяу Шығыстағы ірі мемлекеттің бірі, сондықтан біз әлемдік нарықтағы қазіргі жағдайда экономикалық ынтымақтастық жөніндегі сенімді диалогымызды жалғастырғымыз келеді, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Ә.Ас-Сиси Мысыр халқы мен ел басшылығы Астана мен Каир арасындағы екіжақты қарым-қатынастар деңгейін жоғары бағалайтынын айтты.

Біз еліміз үшін қиын кезеңде Қазақстанның көрсеткен қолдауын бағалаймыз. Менің сапарымның мақсаты – елдеріміздің арасындағы тығыз байланысты барлық бағыт бойынша одан сайын нығайту түсу, – деді Ә.Ас-Сиси. 


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің