Ж.Түймебаев Мемлекет басшысына Түркиямен арадағы екіжақты қарым-қатынастың ахуалы мен даму келешегі туралы баяндап, сауда-экономика саласындағы өзара іс-қимыл көрсеткіштерінің жоғары екенін атап өтті. Сондай-ақ Түркия Республикасының Президенті Р.Ердоғанның алдағы мемлекеттік сапарының дайындығына қатысты мәселелер талқыланды. Кездесу барысында бұл сапар қазақ-түрік ынтымақтастығын одан әрі нығайту және оның аясын кеңейту ісіне қосымша серпін беретіні атап өтілді. Соңында Нұрсұлтан Назарбаев бірқатар нақты тапсырма берді.