National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ басқармасының төрағасы Сауат Мыңбаевты қабылдады

2016 жылғы 30 қараша

С.Мыңбаев Қазақстан Президентіне ұлттық компанияның 2016 жылғы 9 айдағы жұмысының қорытындылары мен таяу келешекке арналған жоспарлары туралы баяндады.

Кездесуде компанияның өндірістік-қаржылық және әлеуметтік саладағы қызметіне, сондай-ақ жаңа жобаларды іске асыруына қатысты мәселелер қарастырылды.

Бұдан бөлек, Мемлекет басшысына мұнай-газ өңдеу өнеркәсібіндегі ірі жобалардың іске асырылу барысы, соның ішінде Теңіз кен орнының өндірістік қуаттылығын арттыру, Қашағандағы алғашқы кезеңдегі жұмыстар, Қарашығанақ кен орнын дамытудың перспективалары жөнінде айтылды.

«ҚазМұнайГаз» АҚ басшысы мұнай бағасының төмендегеніне қарамастан, компания өндірген және өңдеген мұнай көлемінің арта түскенін айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2026 жылғы 09 қаңтар

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

2026 жылғы 10 қаңтар

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Израиль Премьер-министрі Биньямин Нетаньяхумен телефон арқылы сөйлесті

Жарлық

2026 жылғы 06 қаңтар

Цифрландыру және жасанды интеллект жылын жариялау туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің