И.Тасмағамбетов кездесу барысында Мемлекет басшысына министрліктің қазіргі қызметі мен келер жылғы міндеттері туралы баяндады. Мемлекет басшысы Қарулы күштердің жауынгерлік қабілетін әрі қарай жетілдіру мен елдің қорғаныс-өнеркәсіп кешенін дамытудың маңыздылығына назар аударды. Қорғаныс министрі сондай-ақ Қазақстан армиясын заманауи қару-жарақпен және әскери техникамен жабдықтау жөнінде жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы айтты. Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырмалар берді.