National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясы Төрағасының орынбасары, Ассамблея хатшылығының меңгерушісі Жансейіт Түймебаевты қабылдады

2019 жылғы 04 маусым

Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президентіне Ассамблеяның қазіргі қызметі және ХХVII сессияда айтылған міндеттерді жүзеге асыру үшін қолға алынып жатқан шаралар туралы мәлімделді.

Нұрсұлтан Назарбаев Ассамблеяның тұрақтылықты сақтау және қоғамның бірлігін нығайту үшін атқарып жатқан жұмыстарының маңыздылығын атап өтті.

– Қазақстан халқы Ассамблеясы – қоғамды біріктіретін құрылым. Әр өңірде кіші ассамблеялар жұмыс істеуде, достық үйлері ашылды. Қазір еліміз үшін тұрақтылықтың маңызы зор. Тұрақтылық болмаса, барлық жетістіктерімізден айырыламыз. Сондықтан, Қазақстан халқы Ассамблеясының басты міндеті – халықтың бірлігін нығайту үшін қоғамды жұмылдыру, – деді Елбасы.

Ж.Түймебаев этномәдени бірлестіктердің Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президентіне бейбітшілік пен келісімді сақтағаны, сондай-ақ ел экономикасын дамыту ісіндегі жетістіктері үшін зор ризашылық білдіретінін атап өтті.

 

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының Баспасөз қызметі


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің