National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Павлодар облысының әкімі Қанат Бозымбаевты қабылдады

2015 жылғы 07 желтоқсан

 

Қ.Бозымбаев кездесу барысында Мемлекет басшысына өңірдің биылғы 11 айдағы әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алдағы кезеңге арналған  міндеттері туралы баяндады.

Қазақстан Президенті негізгі мемлекеттік бағдарламаларды сапалы орындаудың, шағын және орта бизнесті, сондай-ақ халықтың әлеуметтік әлсіз топтарын қолдаудың маңыздылығына назар аударды.

Павлодар облысының әкімі бүгінде өңірді дамытудың маңызды факторы Индустрияландыру картасын жүзеге асыру болып отырғанына тоқталып өтті. Атап айтқанда, екінші бесжылдық аясында құны 1,2 триллион теңге мөлшеріндегі 24 индустриялық жобаны іске қосу жоспарланған, оның аясында 6 мың жұмыс орны ашылады. 

Қ.Бозымбаев сондай-ақ инвестиция тарту жұмыстары туралы да айтты. Биылғы 10 айда бұл көрсеткіштің өсімі 40 пайызды болды. Павлодар облысының әкімі сонымен қатар Мемлекет басшысына жыл аяғына дейін іске қосу жоспарланып отырған мұнай коксын қыздыру және агрохимиялық өнім өндірісі жөніндегі екі ірі кәсіпорын туралы баяндады.

Мемлекет басшысы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің