Кездесуге сондай-ақ Президенттің көмекшісі Е.Орынбаев қатысты. Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Нұрлы жол» және елді индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламаларын жүзеге асырудың негізгі мәселелері жөнінде баяндалды. Сонымен қатар Жаңғырту жөніндегі ұлттық комиссияның бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған жұмысының алдын ала қорытындылары ұсынылды.