National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Премьер-министрдің орынбасары – Ауыл шаруашылығы министрі Асқар Мырзахметовті қабылдады

2016 жылғы 20 шілде

 

Кездесуде А.Мырзахметов Мемлекет басшысына еліміздің агроөнеркәсіп кешенінің негізгі даму көрсеткіштері, көктемгі егіс науқанының қорытындылары, сондай-ақ күзгі жиын-терін жұмыстарына дайындық барысы туралы баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев жиын-терін науқанына сапалы дайындалу және өткізу үшін қолайлы жағдай жасау қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Президенті ауыл шаруашылығындағы еңбек өнімділігін, саланың экспорттық әлеуетін ұлғайтудың және ауыл тұрғындарының жұмыспен қамтылуын  арттырудың маңыздылығына тоқталды.

А.Мырзахметов биыл ауыл шаруашылығында егіс алқаптары былтырғы деңгеймен салыстырғанда 448 мың гектарға артып, 21,6 млн гектарға жеткенін мәлімдеді. Жиын-терін жұмыстарына дайындық аясында үкімет тиісті шаралар қабылдады, соның ішінде аграрлық кәсіпорындар жалпы құны 60 миллиард теңгеге несиелендірілді, ауыл шаруашылығы өнімін  өндірушілер үшін жанар-жағармай құнын арзандату мәселесі қамтамасыз етілді.

Елбасы кездесу қорытындысы бойынша бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің