Кездесуде компанияның Қазақстан индустриясын дамытуға қатысуының негізгі бағыттары мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары қарастырылды. Мемлекет басшысы компанияның еліміздегі кәсіпорындары тұрақты жұмыс істеп, экономиканың дамуына оң ықпал етіп отырғанын атап айтты. Нұрсұлтан Назарбаев компанияның Жәйрем тау-кен байыту комбинатын меншігіне алуының маңыздылығын, оның айтарлықтай әлеуетке ие екенін атап өтті. А.Глазенберг Жәйрем кенішін одан әрі дамыту компанияның шикізаттық базасын кеңейтуге мүмкіндік беріп, қорғасын-мырыш саласының ұзақмерзімді тиімділігін арттыруға ықпал ететініне тоқталды.