National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады

2015 жылғы 09 қыркүйек

Кездесу барысында Д.Қыдырәлі Мемлекет басшысына академияның қазіргі қызметі, жеткен жетістіктері мен алдағы кезеңге арналған жоспарлары туралы баяндады.

Қазақстан Президенті Түркі академиясының түркітілдес мемлекеттердің тарихы мен мәдениетін жан-жақты әрі терең зерттеу тұрғысындағы қызметі маңызды екеніне назар аударды. Нұрсұлтан Назарбаев жүргізілген зерттеулер нәтижесі түркі әлемінің рухани-мәдени мұрасын сақтау және танымал ету үшін зор мәнге ие екенін айтты.

Д.Қыдырәлі академия халықаралық мәртебе алып, ЮНЕСКО, ИСЕСКО сияқты жетекші халықаралық ұйымдармен байланыс орнатқанын мәлімдеді. Академия жыл бойы халықаралық конференциялар өткізіп, экспедициялар ұйымдастырды, сондай-ақ ғылыми-зерттеу еңбектерін жариялап, жалпы түркі тарихы туралы оқулық әзірледі. 


Кері қайту Кері қайту X Facebook Басып шығару

Заңдар

2025 жылғы 28 сәуір

Мемлекет басшысы «Көрсетілетін қызметтердің еркін саудасы, инвестициялардың құрылуы, қызметі және жүзеге асырылуы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды


Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

2025 жылғы 06 мамыр

Қасым-Жомарт Тоқаев пен То Лам Қазақстандағы Вьетнам мәдениеті күндері аясында ұйымдастырылған концертті тамашалады

Жарлық

2025 жылғы 05 мамыр

Жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер беру туралы


Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің