Кездесу барысында Р.Гасанов Қазақстан Президентіне ұйымның қазіргі қызметі мен ертеңге жоспарланып отырған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің Бесінші саммитіне дайындық туралы баяндады. Мемлекет басшысы алдағы саммиттің Түркі кеңесіне мүше елдер арасындағы өзара іс-қимылды нығайту тұрғысынан маңызды екенін атап өтті. Қазақстан Президенті ынтымақ, сондай-ақ жүзеге асырылатын жобаларға жан-жақты қолдау көрсету түркітілдес мемлекеттер алдына қойылған міндеттерді табысты іске асырудың кепілі екенін айтты. Р.Гасанов Нұрсұлтан Назарбаевты және Қазақстан халқын Қазақ хандығының 550 жылдығымен құттықтап, бұл мереке бүкіл түркі әлеміне ортақ екенін айтты.