National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Ұлттық ғылым академиясының президенті Мұрат Жұрыновты қабылдады

2016 жылғы 19 қазан

Кездесуде Мемлекет басшысы ғылыми зерттеулердің қазіргі заман талабына сай болуының маңыздылығын атап өтті. 

Сондай-ақ, Қазақстан Президенті ғылымды басқаруды орталықсыздандыру ісінің өзектілігіне және ғылыми зерттеу жұмысын жекелеген университеттерде дамыту қажеттілігіне назар аударды.

– Ғылыми әзірлемелерді өндіріске енгізудің маңызы зор, – деді Нұрсұлтан Назарбаев. 

М.Жұрынов бірлестіктің халықаралық деңгейдегі беделінің артуына батыстық даму үлгісі септігін тигізгенін айтты.  

– Біздің академия – барлық беделді ғылыми бірлестіктердің мүшесі, – деді Ұлттық ғылым академиясының президенті.

Соңында Мемлекет басшысы ғылымның ел дамуындағы елеулі рөліне тоқталып, атқарып жатқан қызметтері үшін академия ғалымдарына алғыс білдірді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің