National Emblem of Kazakhstan

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Қазақстан Республикасы Президентінің

ресми сайты

Жаңалықтар


Ақорда

Елбасы Жоғары Сот кеңесінің төрағасы Анатолий Смолинді қабылдады

2018 жылғы 01 ақпан

Кездесуде А.Смолин Мемлекет басшысына Жоғары Сот кеңесінің 2017 жылғы қызметі және Қазақстан судьяларының VII съезінде берілген тапсырмалардың орындалу нәтижелері жөнінде баяндады.

Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Сот кеңесінің сот төрелігінің сапасын арттыруды қамтамасыз ету мақсатымен мамандарды іріктеу жөнінде атқарып жатқан жұмысына тоқталды.

– Біз сот жүйесіндегі реформаны заң үстемдігін қамтамасыз ету үшін жүргізудеміз. Сот кадрларын іріктеуді әділетті жүргізу үшін біз дербес Жоғары Сот кеңесін құрдық. Ол тәуелсіз және ешкімге бағынбайды, – деді Қазақстан Президенті.

Елбасы Ұлт жоспарының 17-қадамын іске асыру тұрғысынан судья лауазымына үміткерлерді іріктеу барысында меритократия қағидатын басшылыққа алу қажеттігіне назар аударды.

– Бұл кадрларды іріктеудің сапасын арттыруға тиіс. Тек әділ шешім қабылдайтындарды тағайындау керек. Адамдар сонда ғана өз құқықтарын қорғау үшін сотқа жүгінетін болады, – деді Мемлекет басшысы.

Сонымен қатар, Анатолий Смолин Нұрсұлтан Назарбаевқа атқарып жатқан қызметінің, соның ішінде Елбасының Қазақстан халқына «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» атты жолдауын іске асыру, сондай-ақ құқық қорғау қызметін реформалау аясында құрылған тергеу соттарының құрамын қалыптастыру барысындағы қызметінің перспективті бағыттары жөнінде баяндады.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан Президенті бірқатар нақты тапсырма берді.


Кері қайту Кері қайту Twitter Facebook Басып шығару
Tokaev

Қазақстан Республикасы Президентінің