Кездесу барысында Мемлекет басшысына «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының биылғы екі айда атқарған жұмыстарының нәтижелері туралы есеп берілді және Қордың даму стратегиясын жүзеге асыру аясындағы жоспарлары жөнінде баяндалды. Сонымен қатар, Қазақстан Президентіне «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамының компанияларын IPO-ға шығару және Қор активтерін жекешелендіру үдерістері жөнінде мәлімделді. Кездесу соңында Қасым-Жомарт Тоқаев бірқатар нақты тапсырма берді.